Жаңалықтар

Ішкі істер органдары елімізде адамдар көп жиналатын нысандарды тексеріп жатыр

Адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан аймақтық тізімге енгізілді.

ІІО террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану орындарында және басқа да нысандарда жоспарлы тексерулер жүргізіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгінгі таңда террористік шабуылдарға осал деп танылған адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан аймақтық тізімге енгізілді.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, жыл басынан бері осы санаттағы 1 723 объект тексерілді, анықталған бұзушылықтар бойынша 525 басшы мен меншік иесіне оларды жою туралы нұсқама берілді.

Айта кетсек, су тасқынына байланысты Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жекелеген қалалары мен аудандарында тексерулер уақытша тоқтатылды.