Қоғам

Шымкентте 11 жастағы қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Ойнап жүрген жеткіншек 5 қабатты ғимараттың үшінші қабатынан құлап кеткен.

Оқиға қараусыз қалған «Шымкент гидролиз зауыты» аумағында болды. Бұл туралы turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Ойнап жүрген жеткіншек 5 қабатты ғимараттың 3-ші қабатынан құлап кеткен. 

Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті.

Ал, жедел жәрдем қызметкерлері келген соң, қызды «ашық аяқ сынығы» диагнозымен ауруханаға алып кетті.