Қоғам

Науқас балалардың еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікті ұсталды

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының полициясы балаларды емдеуге жинаған ақшаны заңсыз иемденді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, полицияға Ақтөбе қаласының бірнеше тұрғыны «More life» қорының өкілдеріне қатысты арызданған.

Жәбірленушілердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен ақшаны заңсыз иемденген.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары аясында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін халықаралық тапсырмалар жолданды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын дереу полицияға хабарласуды сұрайды.