Саясат

Табиғи құбылыс десек те, апатқа салғырттық себеп болды – Ринат Зайытов

Апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бүгінгі Мәжіліс отырысында Премьер-Министр Олжас Бектеновке су тасқынына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді. Өйткені, шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған. Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен депутат Комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейді.