Қоғам

Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жастағы қыз бір айдан бері табылмай жатыр

Полиция Күш ауылына жақын орналасқан Ақши, Қырбалтабай және Балтабай кенттерінің тұрғындарынан да сұрап шыққан.

Алматы облысында үш жастағы қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр. Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің хабарлауынша, іздеу операциясы кезінде жақын маңдағы су айдынының суы ағызылған. Бірақ ол жерден де ештеңе табылмады.

Үш жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында үш жастағы қыз табылмай жатқаны хабарлаған болатынбыз. Өңірлерді жан-жақты тексеру нәтиже бермеген. Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызылатыны айтылды. Ол жоғалған қыздың үйінің дәл жанында орналасқан.