Жаңалықтар

Танысын аса қатыгездікпен өлтірген ер адам 25 жылға сотталды

Ақмола облысында танысын аса қатыгездікпен өлтірген ер адам 25 жылға сотталды.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, 2023 жылдың қарашасында Бұланды ауданының Макинск қаласында сотталушы мас күйде өзінің бұрыннан жақтырмайтын танысын ауылдың сыртына шақырып сөйлеспекші болады. Кездескен кезде ол танысына мылтықтан оқ атып, иығын жаралайды. Кейін соңынан қуып жетіп, ішінен атады және мылтықтың сабымен басынан ұрады. Ол аздай көлікпен басады, танысы алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмады. Артынша, ізін жасыру мақсатында зардап шеккен адамның көлігін мініп кетіп, оны зақымдау үшін қасақана өзге көлікпен жол-көлік оқиғасын жасайды.

Алқабилердің үкімімен сотталушы аса қатыгездікпен кісі өлтіргені, сондай-ақ, автокөлікті ұрлау арқылы аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін кәнілі деп танылды.

«Соттың үкімімен ер адамға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына 10 млн теңге сомасында моральдық зиян және 1,5 млн теңгеден астам сомаға келтірілген материалдық залалды өндіріп алды. Сонымен қатар сот сотталушыға алкогольге тәуелділікті мәжбүрлеп емдеуді тағайындады», - деді Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.