Жаңалықтар

Алматыда көшеде әйелге шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды

видеодан кадр

Ер адам кінәсін мойындады.

Алматыда көшелердің бірінше орындықта отырған әйелге күш көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өткен аптада желіде оқиғаның видеосы тарап кеткен еді.

Видеодан белгісіз ер адам орындықтан отырған әйелдің шашынан ұстап, сүйремек болғанын көруге болады.

Жақын маңдағы ғимараттан өтіп бара жатқан адамдардың арқасында әйел қашып үлгерген.

Алматының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқықбұзушы К. - ға қатысты әкімшілік істі ұрып-соғу дерегі бойынша қарады. Ол денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен физикалық ауыртпалық тудырған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау ретінде сараланады (ҚР ӘҚБтК 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша).

«Сот К.-ның өткен аптада мас күйде қаланың адам көп жүретін көшелерінің бірінде жанжал шығарып, оқиға орнына жақын жерде отырған жәбірленуші Ф-ны соғып кеткені анықталды. Осылайша, ол сот алдында жауап берді, онда ол істің материалдарында көрсетілген деректерді растап, кінәсін мойындады», - деді сот.

Баптың санкциясында он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Сот қаулысымен құқықбұзушы К. ұрып-соғу немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен физикалық ауыртпалық тудырған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Нәтижесінде К.-ға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.