Жаңалықтар

Тағы бір Салтанат: Бұрынғы әйелін ұрған экс-полицей қамауға алынды

Александр әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды

Жуырда интернетте экс-полицей Александр Кимнің Салтанат есімді бұрынғы әйелінің телефонын сындырып, оны қатты соққыға жыққан сәті таспаланған видео кеңінен таралған болатын. Белгілі болғандай, Алматы қаласының полиция басқармасы бүгін ол 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Александр бұрынғы әйелі Салтанатты соққыға жығуына не себеп болғанын айтып, соңында кешірім сұраған болатын.

Салтанат 11 жылдық некеден кейін ажырасуға бел буып, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда бұрынғы күйеуі оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысқан.