Жаңалықтар

Оралда бірнеше балабақша жұмысын уақытша тоқтатты

pixabay

Аталмыш мекемелерде 1 018 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.

Су тасқыны қаупіне байланысты Оралда жеті балабақша 16 сәуірден бастап қызметін уақытша тоқтатты.

Орал қаласы білім бөлімінен мәлім еткендей, шаһарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты қауіпті тұста орналасқан № 2, 6, 12, 16, 17, 29, 33 мектепке дейінгі ұйымдары уақытша жұмыс істемейді. 

Аталмыш мекемелерде 1 018 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. 

Бұлардан басқа балабақшалар қалыпты жағдайда бүлдіршіндерді қабылдап, өз қызметін атқарады. 

«Қалада барлығы 50 мемлекеттік, 124 жеке балабақша бар. Жеке балабақшалар өздері шешім қабылдайды» деп хабарлады ведомстводан.