Жаңалықтар

16 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Pixabay

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 16-сы күгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болады.

Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.