Жаңалықтар

Су тасқыны: Қара бетперде киіп, мұқтаж жандарға көмектесіп жүретін жігіт қорға 1 млн доллар аударды

Ашық дереккөзден

Жақсылыққа құмар бетперделі жігіт тағы бір мәрте елдің сүйіспеншілігіне бөленді,

«Қазақстандық Робин Гуд» су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 1 миллион доллар аударды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Біз ең ауқымды көктемгі су тасқынына тап болдық. Еліміздің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Дәл қазіргі сәтте 108 мың адам эвуакацияланды. 5000-нан астам үй судың астында қалды. 8000-нан астам үй жануарлары өлді. Қазіргі уақытта су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Осыған байланысты зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударамыз. Бұл 450 миллион теңге.  Еріктілерге, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз», - деді бетперде киген жігіт.