Жаңалықтар

Бельгиялық әйел Жәнібекті асырап алу үшін 12 мың доллар төлегенін мойындады

Бельгиялық әйел маңызды сұрақтарға жауап берді.

Еуропада өсіп, Қазақстанға биологиялық анасын іздеп келген Мұрат (Жәнібек) Савельев Бельгиядағы асырап алған анасы Валеримен сұхбаттасты, деп хабарлады turkystan.kz порталы smartnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Валери Арқалыққа бармас бұрын бірінші Алматыға қонған. Кейін Астанаға жеткен. 

Ол Жәнібекті асырап алу үшін 12 мың доллар төлегенін айтты.

Бельгиялық әйел Жәнібекті агенттіктер арқылы емес, делдалдың көмегімен асырап алғанын айтты. Құжаттарды дайындау үшін Қазақстанда екі ай жүргенін де атап өткен.