Жаңалықтар

Балалар терезеден құлап кетпес үшін не істеу керек?

Полиция ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Ішкі істер министрлігі балаларды терезеден құлап кетуден қалай сақтауға болатыны жайлы кеңестермен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

- егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін; - ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді; - балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз; - баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, сіз жазатайым оқиғаның алдын аласыз.