Жаңалықтар

«AMANAT» депутаттары тасқынға тосқын қою шараларымен танысты

Аймақтағы 12 ауданның 8-інде жағдай тұрақтанса, Жайық өзені бойында орналасқан қалған 4 аудан және Орал қаласына әлі қауіп төніп тұр.

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Нартай Сәрсенғалиев, Еділ Жаңбыршин, Ринат Зайытов және Мәжіліс депутат Абзал Құспан Батыс Қазақстан өңіріне барып, су тасқынының алдын алу мақсатында бөгет соғылып жатқан аумақтарды аралады.

Алдымен депутаттар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде орналасқан жедел штабтың жұмысымен танысты. Халық қалаулысы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Ресей Федерациясына қарасты Орынбордағы су тасқыны бірер күнде осы Батыс Қазақстан облысына жетуі мүмкін.

Өңірде қарғын сауға қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде департамент басшысы Руслан Қасыбаев және облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов баяндады.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, өңірде су тасқыны қауіп әлі сейілген жоқ. Мәселен, аймақтағы 12 ауданның 8-інде жағдай тұрақтанса, Жайық өзені бойында орналасқан қалған 4 аудан және Орал қаласына әлі қауіп төніп тұр.