Қоғам

«Егіздің сыңары»: Ақтөбедегі спорт мектебінде көз жұмған балаға қатысты тың ақпарат шықты

14 жастағы Бексұлтан Әбубәкірдің денесі жер қойнына тапсырылды.

Ақтөбедегі спорт мектебінде қайтыс болған жасөспірімнің әкесі ұлы әлімжеттіктің құрбаны болғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz

Sputnik.kz сайтының мәліметінше, қыршыннан қиылған 14 жастағы Бексұлтан Әбубәкірдің денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұмның әкесі «баламның ажалы адамнан болды» дейді.

Қайғылы оқиға 11 сәуірде болған.

Бексұлтан өмірден озар күні анасы алысқа жолға шыққан. Алға басқан аяғы кері кетіп, әбден әбігер болған. Бірақ ана жүрегі баласынан айрылатынын сезбеген.

Бексұлтанның бауыры Ерсұлтан да бірге таяқ жеген. Бауыры дәл көз алдында құлаған.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты мiндеттерiне адал қарамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.