112 сағат бойы эфирде: Қырғызстандықтар Қазақстанды қолдау марафонын бастады (LIVE)
Олар су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандыққа рухани қолдау көрсеткісі келеді.
Қырғызстандықтар «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафонын өткізіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. YouTube-та «Инициатива 112» атты каналда "Казак боордошторду колдоо" (Қазақ ағайындарды қолдау) деген атпен жүргізіліп жатқан эфир Бішкек уақытымен сағат 15:00-де басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысуға ниет білдіруші көбейіп жатыр. Олар су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандыққа рухани қолдау көрсеткісі келеді дейді. Тікелей эфирге әлемнің әртүрлі елдерінен спикерлер қосылып, қолдау білдіреді. Эфирді мына жерден көруге болады.