Павлодар облысының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыспен сотталғандар жұмыс істеген
500-ден астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.
Павлодар облысы Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру фактілері анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген. Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған», - делінген хабарламада.
Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.
Жалпы, 500-ден астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.