Тасқыннан зардап шеккендердің салық төлеуі кейінге шегеріледі

15 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
pixabay
Салық тексерістерін тағайындау және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу 1 наурыздан бастап 1 шілдеге дейін тоқтатылады.

Су тасқынынан зардап шеккендерге салық пен міндетті төлемдерді төлеу мерзімін 1 шілдеге дейін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті елдің өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы бұйрық жобасын әзірледі.

Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:

Сонымен қатар салық тексерістерін (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу 1 наурыздан бастап 1 шілдеге дейін тоқтатылады.

Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және биыл 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Құжат 29 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылды.

Тэгтер:

салық су тасқыны