Мемлекеттік материалдық резервтен Құлсарыға 264 тонна азық-түлік жіберілді

15 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
ТЖМ
Ал әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласына азық-түлік жіерілді.

Эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды.

Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

 

 

Тэгтер:

ТЖМ Азық-түлік Құлсары материалдық резерв