Спорт

Күрестен АЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы 4 қола жүлде алды

Спортты дамыту дирекциясы

Бірде-бір спортшымыз Азия чемпионатының финалына өте алмады.

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер құрамасы жарысты төрт қола медальмен аяқтады.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, кеше Лаура Алмағанбетова Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды. 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Сезім Жұманазарованы жеңіп, еліміздің қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

Сонымен қатар 72 келі салмақта ел намысын қорғаған Анастасия Панасович та үздік үшінші орыннан көрінді. Ол қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Озода Зарипбоеваны 10:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 4 қола медальмен аяқтады: Панасович (72 кг), Алмағамбетова (57 кг), Каюмова (59 кг), Сыздықова (76 кг).

Осылайша, екі күн ішінде әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз Азия чемпионатының финалына өте алмады.