Су тасқыны: қырғыз халқы тағы да гуманитарлық көмек жіберді
Жүкті жинауға тұрғындар көмектескен
Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтілгенін мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, гуманитарлық жүкке қырғызстандық сүт өнімдері тиелген. Атап айтқанда, олар – 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.
Жүкті жинауға тұрғындар көмектесті, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді, – деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.