Қоғам

Ақмола облысында сүйген қызын өлтіріп кеткен әскери қызметкер сотталды

Ашық дереккөз

Сот күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды

Ақмола облысында әскери қызметкер букмекерлік кеңседегі қарызынан құтылу үшін сүйген қызын өлтіріп кеткен, деп жазады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, 20 жастағы сарбаз сүйіктісінде қомақты ақша бар екенін білген. 200 мың теңге қарыз беруін өтініп үйіне келген. Бірақ қыз қыраз беруден бас тартқан соң, жігіт оны диванға жатқызып, жастықпен тұншықтыра бастаған.

Бойжеткен есінен танып қалған соң оны су толтырылған ваннаға сүйреп апарып, батырып жіберген. Қыз көз жұмды.

Жігіт қыздың алтын бұйымдарын, iPhone телефоны мен 180 мың теңгесі бар әмиянын, құжаттары мен банк картасын алып, шотынан бірден букмекерлік кеңсенің жеке шотына аударған, – делінген Ақмола облыстық ҚАЖ департаментінің хабарламасында.

Сот күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды.