Жаңалықтар

Атыраулық депутаттар ұзындығы 21,2 шақырым болатын дамба салып жатыр

Бұл жұмысқа бас-аяғы 120 техника жұмылдырылды

Атыраудағы облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері су тасқынының алдын алу мақсатында бөгет тұрғызу жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, партия аталған қала маңындағы 7 учаскеде ұзындығы 21,2 шақырымды құрайтын дамба салу жұмысын қолға алған еді. Бұл жұмысқа бас-аяғы 120 техника жұмылдырылды.

Партияның Атырау өңірі филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Абдолла Идресовтың айтуынша, Еркінқала ауылында 8,2 шақырымды құрайтын бөгет тұрғызу жұмысы жүргізілуде. Бұл учаскеге 20-дан астам техника, 500-ге жуық волонтер жұмылдырылды.

Өз кезегінде, облыстық мәслихат депутаты, партия фракциясының мүшесі Жеңіс Әбілқаресұлы 50-51 учаскелерде 1,5 шақырымды құрайтын бөгет салынып жатқанын жеткізді.

Ал қалалық мәслихат депутаты, партия фракциясының мүшесі Азамат Муханжановтың айтуынша, Зарослый шағын ауданында ұзындығы 4,5 шақырым бөгет тұрғызылуда. Оның 2 шақырымы толық аяқталды.