Жаңалықтар

Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

13-16 сәуір аралығында Алматы облысының Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, Қостанай облысында 13-17 сәуір аралығында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынның келуіне байланысты облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар.