Жаңалықтар

Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытты — Президент

Мемлекет басшысының айтуынша, зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға ризашылығын білдірді. 

Мемлекет басшысының тапсырмсы бойынша, қазіргі кезде Премьер-министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр. 

Президент жуырда отандастарына арналған үндеуінде бір де бір адам назардан тыс қалмайтынын мәлім етті.