Шымкентте 20 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Автокөлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион 345 мың теңге қарызы болған.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге төлемдер туралы ескертіп, көлікті айыптұраққа қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары «Hyundai Tucson» көлігін тоқтатқан. Автокөлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион 345 мың теңге қарызы бар екендігін «қорғау» қосымшасы анықтаған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін ғана автокөлігін қайта ала алады.