Жетісу облысында мемлекетке 170 млн теңгенің жері қайтарылды
Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 га болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.