Экономика

Қазақстанға бидайды сырттан әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды

Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.

Елімізге сырттан бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді.

Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.