Алматы маңында жер сілкінді
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СЗжБҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 12 сәуірде Алматы уақытымен сағат 13:13-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл», - делінген хабарламада.