Жаңалықтар

Түркістан облысынан жиналған гуманитарлық көмек өңірлерге жіберіліп жатыр

Ауыртпалығын бүкіл еліміз теңдей бөлісіп жатқан қайырлы істен өңірдегі ақ жаулықты аналары да шет қалмауды ұйғарды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Қалыйма Жантөреева облыстағы «Жастар рухы» жастар қанатының көшбасшысы Жансерік Жұманды ертіп топан судың ортасында қалған Ақтөбеге алып-ұшып жетті.

Ақтөбе облысындағы қарғын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына Түркістан облысынан жеткізіліп жатқан гуманитарлық көмектің ағыны тоқтаған емес.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, жері шұрайлы Түркістан топырағынан азық-түліктің алуан түрі кетіп жатыр. Макарон, ұн өнімдері, мал және құс еті, өсімдік майы, консерві өнімдері, мұздатылған балық жеткізілуде. Дихандардың маңдай терімен жиналған картоп пен жуа, кептірілен көкөністер, жылыжай шаруашылықтарында баптап өсірілген қызанақ пен қияр, шалғам, биылғы жылдың ерте өнімі санатындағы қырыққабат жөнелтілді.

Ауыртпалығын бүкіл еліміз теңдей бөлісіп жатқан қайырлы істен өңірдегі ақ жаулықты аналары да шет қалмауды ұйғарды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Қалыйма Жантөреева облыстағы «Жастар рухы» жастар қанатының көшбасшысы Жансерік Жұманды ертіп топан судың ортасында қалған Ақтөбеге алып-ұшып жетті.

Одан соң, «AMANAT» партиясының Қобда аудандық филиалы ғимараты маңында да тұрғындарға гуманитарлық көмек таратылды.

Қалыйма Жантөреқызы қиындық көрген жандарға жылы сөзін арнап, қиындықты сабырмен еңсеруге шақырды.

Отандастарының басына түскен осынау ауыртпашылықты бөлісуге алыстан ат арытып келген түркістандық әріптестеріне Қобда аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Қанатбайұлы мен «AMANAT» партиясының Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Елік Сабитов алғысын білдірді. Ақтөбелік ағайындар да аналық мейрімін танытқан Қалыйма Жантөреқызына ризашылығын жеткізіп жатты.