«НұрОрда» халықаралық мектебінің атауы мен мәртебесі өзгереді
Министрлік өзгерістер енгізетін үкімет қаулысын дайындады.
Оқу-ағарту министрлігі «НұрОрда» халықаралық мектебінің атауы мен мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізетін үкімет қаулысын дайындады.
«Білім беру ұйымына – Spectrum International School жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне халықаралық мектеп мәртебесі берілсін», - делінген құжатта.
Түсіндірілгендей, жобаны қабылдау мақсаты үкімет шешімімен Spectrum International School халықаралық мектебінің атауын өзгертуге байланысты түзетулер енгізу.
Құжат 26 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
АЙта кетейік, «НұрОрда» мектеп-лицейі 2007 жылы Астанада ашылды. Оқу үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын.