Жаңалықтар

Ақтөбедегі спорт мектепте 8-сынып оқушысы қайтыс болды

Оқиға 11 сәуір күні сағат 21:30-да тіркелген.

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8 сынып оқушысы көз жұмды. Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша іс қозғады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға 11 сәуір күні сағат 21:30-да тіркелген. Оқиғаның мән-жайын Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы хабарлады.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады.