Жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Оның айтуынша, өңірде апат ахуалы тұрақталып, қауіп сейілген.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 11 сәуірде соңғы 80 жылдағы ауқымды су тасқынына қатысты видео үндеу жариялады.

Ол өзінің видео үндеуін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Сондай-ақ алда тұрған басты міндет - су тасқынының салдарын жою екенін баса атап өтті.