Жаңалықтар

Бас мұғалім: Блогерлер менің мәселемді көтеретін адамдар емес

ашық дереккөзі

Бас мұғалім: Блогерлер менің мәселемді көтеретін адамдар емес

Қазақстанның бас мұғалімі Ерлан Сағадиев жұмыстан кетуін талап еткен қазақстандық блогерлерге жауап берді деп хабарлайды NewTimes.kz.

 Бұл мәселені қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан мен блогер Айдос Сарым көтерген болатын. «Бұл кісілердің арызына келетін болсақ, мен олармен таныс емеспін, әлеуметтік желіге тіркелмегенмін. Егер мұндай арыздар бар болса, бәлкім жауап беріп те қалармын. Бірақ бұл адамдар менің (жұмыстан кету - NT ескертпесі) мәселемді көтеретін жандар емес деп ойлаймын», — дейді Сағадиев. Қазақстандық мұғалімдер жоғары оқу орындарынан «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» және өзге де пәндер алынып тасталды деген ақпараттан кейін дүрліккен болатын. Сағадиев бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал жақында Ғылым комитетінің бұрынғы төраға орынбасары Ляззат Құсайынова Ерлан Сағадиевке «өтірікші әрі кәсіби біліктілігі жоқ» деген айыптар таққан болатын. Оның сөзіне сенсек, министр барлық профильді мамандарды жұмыстан шығарып, орнына білім саласына мүлде қатысы жоқ адамдарды жұмысқа алған. Министр бұл айыптың негізсіз екенін айтты: «Министрлікке келгенге дейін менің көмекшімнен басқа ешкіммен таныс болған жоқпын. Үш вице-министр, бүкіл департамент директорлары, бүкіл комитет төрағалары, барлық қызметкерлермен министрлікте жұмыс істей жүріп таныстым. 250 адаммен Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істей жүріп таныстым. Қандай да бір командасын алып келді деген айыпты бірінші рет естіп отырмын», - дейді Сағадиев.