Жаңалықтар

Сенатор мемлекеттік органдардың төтенше жағдай кезіндегі әрекеті үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды

Ольга Булавкина төтенше жағдайлардың алдын алуға және уақтылы ден қоюға, адамдардың өмірін сақтап қалуға және залалды барынша азайтуға ықпал ететін тиісті хаттаманы әзірлей отырып, әрбір мемлекеттік органның төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеті үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды.

Қазақстанның 10 өңірінде бұрын-соңды болмаған табиғи апат болды. Төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Сенат депутаттары тасқын судан зардап шеккен өңірлердегі тұрғындарға қажетті қолдау көрсетуде. Ольга Булавкина өзінің Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында болашақта төтенше жағдай салдарын азайтуға көмектесетін бірқатар шараларды ұсынды.

Ольга Булавкина төтенше жағдайлардың алдын алуға және уақтылы ден қоюға, адамдардың өмірін сақтап қалуға және залалды барынша азайтуға ықпал ететін тиісті хаттаманы әзірлей отырып, әрбір мемлекеттік органның төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеті үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды. Сенатор сонымен қатар тасқын судың аграрлық секторға кері әсерін атап өтті.

Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысынан ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктеріне, барлық деңгейдегі әкімдерге жедел әрекет етуді және ел азаматтарына уақтылы кешенді көмек көрсетуді тапсыруды сұрады.