Жаңалықтар

Танымал актриса екінші перзентін дүниеге әкелді

Instagram/djurinskaya

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлды болды.

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринскаяның отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі екінші сәбиін дүниеге әкелді.

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлды болды. Жұлдызды жұп қуанышты жаңалықты Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Біздің әлемге қош келдің, ұлым. Рахмет саған махаббатым", - деп жазды актрисаның күйеуі.