Жаңалықтар

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

скриншот

11 сәуір таңғы 08:00 шамасында № 98-бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шыққан.

Алматыда қоғамдық көліктің жүргізушісін ұрған жолаушы қамауға алынды. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 11 сәуір таңғы 08:00 шамасында № 98-бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты.

«38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты», - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.