Жаңалықтар

Ақтөбе облысында Ойыл өзеніндегі су деңгейі төмендеді

ТЖМ

Қазір Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарында су айдау және инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысында жағдай тұрақты, деп хаьарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарында су айдау және инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ойыл ауданында Ойыл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады. Халықты, инертті материалды және азық-түлікті тасымалдау үшін понтон өткелі жұмыс істейді. Қалған эвакуацияланған 1470 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6072 адам туыстарына орналастырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.