Жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді

Сурет: mavink.com

Бүгін ҚР ТЖМ «СЗжБҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы облысында жер сілкінісі фактісін тіркеді.

Сілкініс Алматы уақытымен 19 сағат 56 минут шамасында сезілген, деп хабарлады turkystan.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 488 км жерде) орналасқан. MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде, ал Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Кеген ауылында 3 балл дәрежесінде сезілген.