Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғыс білдірді

ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар қазір Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметшілерімен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

ТЖМ мәліметінше, Димаш Құдайберген әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғыс білдірді.

Айта кетсек, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.