Жаһан

Microsoft Жапониядағы жасанды интеллектті дамытуға 2,9 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті

сурет: AP

Қаражат бұлт инфрақұрылымы мен жасанды интеллектті дамытуға жұмсалмақ.

Microsoft 2025 жылға дейін Жапониядағы деректер орталығына 2,9 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы корпорация президенті Брэд Смит Nikkei-ге берген сұхбатында айтты.

Қаражат бұлт инфрақұрылымы мен жасанды интеллектті дамытуға жұмсалмақ. 

Microsoft Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың Вашингтонға сапары кезінде инвестициялық жоспар жариялайды, деп хабарлайды Nikkei. 

Токио шетел деректер орталықтарында ішкі деректерді беру және сақтау аясында жасанды интеллекттің есептеу қуатын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.