Жаңалықтар

Алматы аспанында ерекше құбылыс көрінді

liter.kz

Ерекше құбылысты тұрғындар әлеуметтік желілерде жарыса жариялады.

Қала тұрғындары табиғи құбылыс саналатын галоны, яғни қазақша айтқанда күннің қоралану құбылысын тамашалады, деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерекше құбылысты тұрғындар әлеуметтік желілерде жарыса жариялады. 

«Күннің айналасында дөңгелек пішін пайда болды. Алматының ауа райы құбылмалы. Бұлт баспаса бұданда әсем көрінер еді. Табиғаттың ерекеше құблысына күә болғаныма қуаныштымын», – дейді қала тұрғын.

Күннің қоралануы - Күннің айналасында пайда болатын, пішіні алқаға (не дискке) ұқсайтын айқын көрінетін жарық жолағы болып, ол жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болатын атмосфералық-оптикалық құбылыс. Ол көбінесе сақина пішінді, доға, жарық діңгегі, нұрлы дақ секілді пішіндерде болып, күнді, не айды қоршап тұрады. Ол қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін секілді 7 түрлі түстің қабаттасуы болып көрінуі мүмкін.