Жаңалықтар

Астанада 115 адамға заңсыз автонесие рәсімдеген алаяқтар ұсталды

Олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген.

Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын әкелген алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ, кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.