Жаңалықтар

Алматы облысында пластикалық терезелер шығаратын цехтан өрт шықты

adyrna.kz

Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех өртенген.

Алматы облысындағы пластикалық терезелер шығаратын цехтан өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех өртенген. Қызыл жалынның ауданы – 78 шаршы метр.

«Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылған», - делінген хабарламада.