Жаңалықтар

Қостанайда зардап шеккендерге 114 млн теңге біржолғы төлем берілді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтып берді.

Қостанай облысының негізгі су қоймаларында су ағызу баяулатылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақталды және Қаратомар су қоймасында секундына 1 600 текше метр су ағуда.

Жоғары Тобыл және Желқуар қоймаларында да су ағызудың төмендеуі байқалады. Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 7-ден 81 см-ге дейін құрады.

Аймақта республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Он елді мекенмен көлік қатынасы үзілген.