Жаңалықтар

Атырауда барлық мектеп оқушылары онлайн оқуға көшетін болды

pixabay

Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті.

Атырау қаласында 10 сәуірде су тасқыны салдарынан барлық оқушы қашықтықтан оқыту форматына көшеді.

«Қалалық білім бөлімінің педагогикалық кеңесінің шешімімен, 10 сәуірде Атырау қаласының барлық мектептері онлайн оқыту форматына көшеді», - делінген  хабарламада.