Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1978 жылы бастаған.
1985-1991 жылдары — жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы.
1991-1994 жылдары — «Сәулет» Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры.
1994-1996 жылдары — БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.
1996-2001 жылдары — «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары.
2001-2002 жылдары — ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры.
2002-2005 жылдары — БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.
2005-2007 жылдары — Орал қаласы әкімінің орынбасары.
2007-2008 жылдары — «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы.
2008 жылғы қазан-қараша аралығында — БҚО әкімінің кеңесшісі.
2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды.
2011 ж. қаңтар-шілде аралығында — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі.
2011-2013 жылдары — Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.
2013 жылғы сәуір-қараша аралығында — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы.
2013-2016 жылдары — «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары; бас директорының м. а.
2016-2021 жылдары — «Мемсараптама» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған.
2023 жылғы сәуірден 7 тамызға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметіне ол былтырғы жылдың жазында тағайындалған болатын.