Қоғам

Алматыда моншада балалар лагерін ұйымдастырғандар сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы қаласы Медеу ауданының N2 аудандық сотында пара алмақ болды және алаяқтық жасады деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz.

М., Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы бола тұра, кәсіпкер Н.-дан пара алу мақсатында оның «Б» ЖШС және «А» ЖШС компанияларын ерекше қажеттіліктері бар балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп таныған.

М. және Н.-ның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде қолайсыз жағдайда, бейтаныс адамдардың арасында болған, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін балалардың жазғы демалысы бұзылған.

Сотталушы М., кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады.
Сотталушы Н., өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Прокурор М. – 7 жыл, Н. – 5 жыл жаза тағайындауды сұрады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.