Экономика

Jusan Bank мемлекетке 100 миллиард теңге қайтарды

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан мерзімінен бұрын 100 млрд теңгенің субординацияланған облигацияларының шығарылымын сатып алды, - деп жазылған мәлімдемеде.

Jusan Bank 100 миллиард теңгені мемлекет қолдауын мерзімінен бұрын қайтарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады

Осылайша, банк бұрын алған мемлекет көмегін ерікті түрде мерзімінен бұрын қайтарғанын жария етті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Halyk Bank мемлекеттің қаржылай қолдауын мерзімінен бұрын қайтарып бергенін мәлімдеген болатын.