Жаңалықтар

Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Шешім заңды күшіне енді.

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатты.

Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.

Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі – ұйымдастырылған.

Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.